5.03.2024, 14:45
Оқылды: 23

Басты мақсат төрт түлікті «алты ай қыстан» қоңын түсірмей алып шығу

Мал қыстату – төрт түлікті қыстан алып шығу ғана емес, одан төл мен мол өнім алудың да маңызды науқаны саналады. «Қыс – қатал сыншы» десек, жауапты кезеңге барлығы сақадай-сай болып, жем-шөп қоры жеткілікті дайындалып, қора-жайлардың жөндеуден өткізілгені жақсы. Мұндай жауапты кезеңде ісіне ұқыпты қарап, мал басынан шығын бермеуге жұмылдырылуы қажет.

430775647_1168135577899798_2371968965464602166_n

Қазіргі таңда Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық округінде 5 764 бас мүйізді ірі қара, 2 819 аналық сиыр, 5 510 бас қой, 300 бас ешкі, 1919 бас жылқы мал қыстату науқанына түсіп отыр.

Ауданда шаруашылық ісін кеңейтіп, сол арқылы мал басын арттырып отырған шаруа қожалықтар жетерлік. Олар өздерінің төрт-түлік малдарын қыстаққа көшіріп, малдың қолға қараған мезгіліне арнап жаз бойы алқаптар мен табиғи шабындықтардың есебінен жем-шөп, пішендерін молынан дайындайды. Округ әкімдігінің бас маманы, жауапты кезеңдегі жай-күйін көру үшін, «Ернар» шаруа қожалығының мал қыстауына барып қайтты. Қожалықтың мал қыстауы Ақтау ауылының маңында орналасқан.

Шаруа қожалығының басшысы Еркін Айманғалиев шаруа қожалықтың жұмысымен таныстырды. Мал ұстайтын қораларының іші таза, жан-жағы жинақталған. Қыстақ жанында сабан, шөптер шашылып жатпай, жып-жинақы болып тұр.

- Қыстан төрт-түлік малды аман-есен, қоңын түсірмей алып шығу – басты міндетіміз болып отыр. Қыстың қамын жазда ойлап, жем-шөпті артығымен дайындап алдық. Мал шаруашылығындағы ең маңызды кезең – мал қыстату науқаны. Жауапты науқан кезінде мал шығынының болмауы келер жылғы мол өнімнің кепілі, - дейді шаруашылық басшысы.

Алмас Хамитов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале