1 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыпталды және қайта өңделді. Бұл туралы ҚР экология министрі Ерлан Нысанбаев айтты.
Фото: t.me/KZgovernment
«2023 жылы елімізде 4,1 млн тоннаға жуық коммуналдық қалдықтар түзілген. Оның 1 млн тоннасы сұрыпталып, қайта өңделді. Қоқысты шығару қызметімен еліміздің 80%-ға жуық халқы тұратын қалалар мен ірі елді мекендер қамтамасыз етілген. Коммуналдық қалдықтардың морфологиялық құрамы шамамен 70% пайдалы фракциялардан тұрады, атап айтқанда 16% пластик, 11% макулатура, 9% шыны, 37% органикалық қалдықтар, 27% тағы басқалары», — деді экология министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.