ҰҚК Жетісу облысындағы Шекара қызметі департаменті полиция органдарымен бірлесе шекара аумағында жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз іске асыруы күдігі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: www.gov.kz
Тінту барысында 1 382 дана киік мүйізі табылды.
Орман шаруашылық және жануарлар әлемі облыстық инспекциясының мәліметі бойынша ұсталған адамдардан мемлекетке келтірілген залал 3,5 миллиард теңгеден асады.
Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.