13.03.2024, 9:15
Оқылды: 50

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жасады

Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде бүгін Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана қаласының маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды.

Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

59d26b07772510355850d83a986fed7a_1280x720

Фото: www.gov.kz

Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған.

- Аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік қозғалысының уақытша шектеуі енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале