14.03.2024, 13:00
Оқылды: 34

Қазақы құмай тазылар сынға түсті

Ұлыстың ұлы күніне орай және Бәйтерек ауданының 85 жылдығы аясында Егіндібұлақ ауылында қазақы құмай тазылардың шырға тарту жарысы өтті.

IMG-20240314-WA0030

Аудан орталығынан батысқа қарай 30 шақырымнан аса қашықта орналасқан аталмыш ауылға 10-нан аса саятшы жиналды.

Олар - Атырау облысынан, Ақжайық, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан, Орал қаласынан келген және жергілікті саятшылар.

Додаға 30-тан астам тазы қатысты.

- Мемлекет басшысының бастамасымен биыл Наурыз мерекесі елімізде он күн қатарынан тойланбақшы. Он күнде түрлі іс-шара ұйымдастырылмақшы. Солардың ішінде ұлттық спорт та бар. Бүгінгі қазақы құмай тазылар жарысы соның шеңберінде өтуде. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, жүйрік тазыларымыздың да, оларды баптаумен айналысып жүрген азаматтардың қатары көбейіп, жеңіс тұғырынан көріне берсін, - деді сайыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр.

IMG-20240314-WA0031

Додаға Шыңғырлаудың Аққұдық ауылынан арнайы келген Нұржан Ғұмаров бала кезінен құмай тазыларды баптап келеді. Жеті қазынаның бірі саналатын қазақы тазыларға деген қызығушылығы ерекше. Атадан қалған кәсіпті жалғастырушы жігіт бұрын мұндай сайыстарға көрермен ретінде қатысса, бұл жолы екі бірдей тазысын алып келген екен. Ал он шақты жылдан бері тазы жүгіртіп, серілік құрып жүрген тасқалалық Талғат Қожантаевтың қазақы иттері мұндай сайыстарға жиі қатысып келеді екен. Бұл жолы Домалақ пен Моншақты әкелген. Екеуі де алғаш рет сынға түспекші.

- Жалпы облысымызда қазақы иттерді ұстаушы қатары соңғы кезде көбейіп келеді.

Мәселен, таяуда Оралда өткен тазылардың көрмесіне Ақ Жайық өңірінен 77 тазы тіркелді. Арамызда он, тіпті жиырма асыл тұқымды ит ұстайтындар да бар. Енді жеті қазынаның бірі саналатын қазақ тазысының тұқымын өсірумен қатар, оларға арнап түрлі сайысты көбірек ұйымдастыру қолға алынса екен деймін. Бұл бағытта Тасқала, Теректі, Бәйтерек аудандарында үлгі қылып айтарлықтай істер бар, - деді ол бізбен әңгімесінде.

IMG-20240314-WA0033

        Ал­ты топқа бөлінген тазылар бір шақы­рым­ға жуық жерге жүгіріп, бақ сынасты. Жарыс қоры­тындысында Ақжайық ауданынан келген Жебе дейтін тазы (иесі Табиғат Орынбасаров) алдына қара сал­май І орынды иеленді. Екінші орынды ауданымыздың намысын қорғаған Нұрлан Мұхтаровтың Қаракөзі енші­леді. Ал мәре сызығын үшінші болып кескен жоғары айтқан Талғат Қожантаевтың Домалағы болды.

IMG-20240314-WA0034

        Жүйріктігі желдей қазақы иттердің қырағылығы сыналған сайысқа асыл иттерін алып келген қонақтар жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған бәйтеректіктерге, соның ішінде Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімдігіне, тұрғындарына, «Бәйтерек» спорт клубына және бұл сайысқа үлсін қосқан өзге де азаматтарға өз алғыстарын білдіріп аттанды.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале