Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев бастаған топ бүгінгі Көрісу күнінің басты шартын орындады.
Кішісі үлкенге амандасып, үлкені бата беретін бұл ізгі мерекеде олар ауыл аралап, көп жылдар қызмет еткен бірқатар ардагерлерге көрісіп шықты.
Ақсақалдар - Әлібек Насанғалиев, Ғұсман Қатабаев, Базарбай Ерешов, Сағидолла Бисенғалиевтің шаңырағына арнайы барып, аман-саулық сұрасқан азаматтарға жасы үлкендер риза болып, батасын берді.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz