Сәлем беру – тәрбиенің, көрегенділіктің белгісі, үлкенді сыйлағандықтың белгісі. Бүгін Сырым ауданында «Орта» дарынды балалар орталығы 14-наурыз көрісу күнінде орай бірқатар қарияларға көрісті. Ауылдағы жасы үлкендерге сәлем берді. Сый-сияпатын ұсынып, ізгі тілектерін білдіріп, емен-жарқын әңгімелесті.
Елге еңбегі сіңген, өмірі мен қызметі өнеге Ақмарал Ихсанова, Татьяна Ғазезова, Жамиға Жақсығалиева, Жамған Сұлтанованың шаңырағында болған «Орта» ұжымы ақ жаулықты әжелердің ақ батасын алды.
Ақмарал Ихсанова ветеринарлық зертханада лаборант, коммуналдық шаруашылық мекемесінде экономист, қонақүй меңгерушісі, кейін поштада экономист, есепші, оператор, контролер болып еңбек етті.
Татьяна Ғазезова алғашқы еңбек жолын кітапханадан бастап, 38 жыл жұмыс жасап, 33 жылын мемлекеттік қызметке арнады, көпбалалы ана.
89 жасар Жәмила Жақсығалиева саналы ғұмырында аудан әкімдігінде кіші қызметкер болып жасады. Аудандық комитеттің бірінші хатшысы Сабай Ниязовпен жұмыстас болып, аудан әкімі Есберген Әжібаев болған шақта зейнетке шықты.
90-нің төріне келген Жамған Сұлтанова қазіргі СПТУ-да хатшы болып еңбек етті.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы