15.03.2024, 11:45
Оқылды: 71

Наурызнама: ұмытылған дәстүр насихатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеуді, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. Биыл «Наурызнама» тұжырымдамасы қабылданып, 14 наурыздан 23 наурызға дейін бірқатар шараны өткізу жоспарлан болатын.

казталов наурызнама (1)

Осы тұжырымдама аясында бүгін аудан орталығындағы «Достық» саябығында «Жадыра» балабақшасы ұжымының ұйымдастыруымен киіз үй ішінде мерекелік дастархан жайылып, ұмытылып бара жатқан дәстүр насихатталды.

Саябаққа жиналған ауыл ақсақалдары, ауыл тұрғындары дастархан басына жайғасып, «Қазан шегелеу» дәстүрін тамашалады.

Аталмыш дәстүр бойынша үлкен үйден еншісін алып, бөлек отау құрған отбасыға ауыл жастары келіп, қазан шегелейді. Сол күні шаңырақ думанға бөленіп, отау иелері ұзынсарыға сақталған сүр сыбағалар қазанға салады. Таңға дейін әзіл айтыс, ән шырқалып, би биленеді. Отағасы мен отанасы қонақтарға сыйлықтар береді.

казталов наурызнама (8)

Балабақша ұжымы сомдаған тамаша дәстүрді тамашалаған қонақтардың үлкендері дастарханға бата берсе, шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орыбасары Зәйлім Исатайқызы ризашылығын білдіріп, барша ағайынды құттықтады.

казталов наурызнама (4)

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

казталов наурызнама (2) казталов наурызнама (3) казталов наурызнама (5) казталов наурызнама (6) казталов наурызнама (7) казталов наурызнама (9)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале