17.03.2024, 18:52
Оқылды: 66

Шаңырақ күні: Переметныйда отбасылар сайысы өтті

17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Переметный ауылында "Үлгілі отбасы – мемлекет тірегі" атты отбасылық-туристік сайыс өтті.

IMG-20240317-WA0087

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және жас туристер станциясы ұйымдастырған жарысқа Байқоныс, Бейбітшілік, Егіндікбұлақ, Көшім және Переметный ауылдық округтарынан бес отбасы командасы қатысты.

IMG-20240317-WA0089

Тартысты өткен дода нәтижесінде бейбітшіліктің "Барыс" командасы, яғни Меңдіғазиевтер отбасы топжарды.

IMG-20240317-WA0091

Егіндібұлақтық "Қыран" командасы (Төлебаевтар жанұясы) мен Байқоныстан келген Кеңесовтер отбасы жүлдегерлер сапынан көрінді. Ал қалған командалар аталымдарға ие болды. Мәселен, аудан орталығының намысын қорғаған Кошмановтар жанұясы "Бірлігі жарасқан отбасы", көшімдік Усағалиевтар "Жігерлі отбасы" болып танылды.

IMG-20240317-WA0090

- Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, достық қарым-қатысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан сайыс жоғары деңгей өтті. Қатысушылар жақсы дайындықпен келгені бірден байқалды. Әсіресе «Үй тапсырмасы» деп аталған бірінші кезеңде отбасы мүшелерінің ұраны, өздері таңдаңан әнге таңертенгілік жаттығу көрсетуі көпшіліктің көңілінен шықты. «Байлам қашықтығы» және «Қорқақ хоккей ойнамайды» деп аталған екінші, үшінші кезеңдерде де жарысқа қатысушы отбасы мүшелерінің ынтымақтастығын, бір-біріне деген сенімдерін анық көрдік, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Ғұбашева.

Қуаныш Қали, 

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале