18.03.2024, 21:00
Оқылды: 75

Шыңғырлауда көпбалалы аналар марапатталды

Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Амангелдіұлы бірқатар марапаттарды табыстау үшін көпбалалы аналарды қабылдады. Жеті баланың анасы Ақтолқын Кабидуллиеваны «Алтын алқа», көпбалалы батыр аналар Мнаура Рабаева мен Жазира Рахметованы «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттады.

433105826_1831868740558219_1315098185551972296_n

Марапаттарымен құттықтаған аудан әкімі ақ тілектері мен алғысын да жеткізді. Өз кезегінде марапат иелері ризашылықтарын айтып жатты.

433231045_1831868637224896_9048627161717868650_n

Кабидуллиева Ақтолқын Маратқызы – жеті баланы тәрбиелеп, өсіріп келе жатқан көп балалы ана. Бұрын «Күміс алқа» алқасымен наградталған. Ақтолқын Маратқызы үш қыз, төрт ұл тәрбиелеп отыр. Қазіргі уақытта үш баласы мектепте оқиды, төрт баласы мектепке дейінгі жаста. Барлығы кәмелеттік жасқа толмағандар. Қазіргі уақытта Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Ағатан ауылында жолдасымен бірге мал шаруашылығымен айналысып отыр.

Рабаева Мнаура алты баланың аяулы анасы. Мнаура Нұрланқызы төрт қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. Бір қызы Шыңғырлау аудандық ауруханасында мейірбеке болып жұмыс жасайды, бір қызы студент, үш баласы мектепте оқиды, бір баласы мектепке дейінгі жаста.

433113093_1831868800558213_3310752643633522147_n

Қазіргі уақытта Мнаура Нұрланқызы үй шаруасында, бала тәрбиесімен айналысып отыр.

Жазира Ниязқызы Рахметова – алты баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп отырған көп балалы ана. Үш ұл, үш қыздың анасы. Үш баласы мектеп жасында болса, үш баласы мектепке дейінгі жаста. Қазіргі таңда Жазира Ниязқызы «Ауылға дипломмен» жобасы арқылы Ақбұлақ ауылынан тұрғын үй алып, Тасмола жалпы орта білім беретін мектебінде бейнелеу өнері пәні мұғалімі болып қызмет атқарады, жолдасы сол мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале