Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсынан Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары олжалы оралды.
Мектебіміздің 10-сынып оқушылары Дәулет Мұқанов пен Аружан Хуан тарих секциясы бойынша І орынды иеленді. Оқушылар «Бесеудің хаты» авторларының бірі – Мансұр Ғатаулиннің өмірі мен қызметі туралы ғылыми жұмыспен бақ сынады. Кеңес үкіметінің орнауына үлес қосып, үлкен қызметте болған жерлес тұлға туралы тың деректерді тапты.
Ал экономика секциясынан 12-сынып оқушысы Айдос Аққали және 11-сынып оқушысы Күнсәуле Успанова ІІ орынды еншіледі. Балалар «Желатиннің экономикалық пайдасы» ғылыми жобасын әзірлеп, ірі қара малдан желатинді жергілікті ресурстар арқылы өндіруді ұсынды. Осылайша елдің экономикасына кіріс әкелуді көздеген жас ғалымдар жетістігімен қуантты.
Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің баспасөз қызметі