19.03.2024, 12:45
Оқылды: 131

Ораза-2024. Ауызашарға кешіксе, ораза бұзыла ма?

Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталды. Ауызашарға кешіксе, ораза бұзыла ма? Бұл сұраққа Massaget.kz тілшісіне ҚМДБ мамандары жауап берді.

Clos

Фото: istockphoto.com

ҚМДБ мамандары ауызашарға кешігу оразаны бұзбайтынын айтты.

"Жоқ, оразасы бұзылмайды. Алайда ауызды ашуға асыққан дұрыс. Себебі хадисте: "Адамдар ауыз ашуға асыққан сайын жақсылықта болады" делінген. Ал күн батқаннан кейін еш нәрсе жемесе де ауызы ашылып кетеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, нутрициолог Ажниязова Айымгүл ауызашарда жеңіл тамақтар жеуге кеңес берген болатын.

"Сәресіне тамақты тойып жеу үшін оның тамаққа тәбеті болуы керек. Ауызашарда қатты тойып алсаңыз, сәресіде тәбетіңіз болмайтыны анық. Сондықтан ауызашарда жеңіл әрі тез қорытындылатын тамақ жеген жөн. Мысалы: борщ, салаттар және т.б. Ауызашарда да еттен жасалған тағамдар жеуге болады, бірақ онымен бірге ұннан жасалған тағамдар жеп, одан соң ұннан жасалған десерт жеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ тамақты асықпай жеңіз. Егер тамақты ұзақ шайнасаңыз, тез тоясыз. Ауызашарда көкөністері мен ақуызы бар тағамдар жеуге тырысыңыз. Сол кезде сәресінде тамаққа тәбетіңіз болады", - дейді маман.

Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі - Рамазан айы. Биыл оның ұзақтығы - 30 күн. Мұсылман күнтізбесі ай күнтізбесіне негізделген, сондықтан жыл сайын Рамазан айының басталу және аяқталу күндері өзгереді. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале