Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы мен Рамазан айының аясында Тасқала ауданы Мереке ауылындағы дүкендер азық-түліктің 10 түрін, атап айтсақ тұз, құмшекер, шәй, сүт, шағумай, макарон өнімдері, тауық еті, картоп, пияз, сәбізді қолма-қол ақшаға 10 пайыздық жеңілдікпен сатып жатыр.
Бұл бастаманы 17 наурызда алғаш болып «Ақнұр» дүкені бастады.
Бүгін «Әмина» дүкені жалғастырды. 21 наурызда «Төрешева» ЖК, 22 наурызда «Құрмашева» ЖК жеңілдікпен қызмет көрсетеді. Аталмыш бастаманы 23 наурызда «Камила» дүкені аяқтайды.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz