20.03.2024, 12:45
Оқылды: 80

Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясы құрылды

Елде Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясы құрылды. Ұйым төл ойынымызды әлем халықтарына насихаттаумен және байрақты бәсекелерді ұйымдастырумен айналысады. Қазір құрамында 7 мемлекет бар.

Снимок экрана (15)

Фото: видеодан кадр

Тағы төрт ел мүшелікке кіруге өтініш берген.  Биыл күзде Астанада дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Асық атудан 20-ға жуық елдің мергендері қатысады. Бұл интеллектуалды ойын ғана емес, адамды физикалық шындайтын спорт. Қатысушылар алақандай жерде айналып жүріп, 7 шақырым жүгіріп өткендей қозғалыста болады.

- Башқұртта бар екен, Якутияда бар екен, татарларда бар екен, хакастарда бар екен, моңғолдарда бар екен.  Я, асық спортымен өзге елдер де айныласады. Дегенмен, түп тамыры түркі елдері. Сол үшін де төл ойнымызды төрткіл дүниеге таныту үшін елімізде халықаралық федерация құрылды.  Олжас Құспеков, Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясының президенті: - Федерацияны құру мақсатымыз алдағы келе жатқан көшпенділер ойынына дайындық. Соған біздің ұлттық ойындарымыз бар соның ішінде асықты бұқаралық спорт ретінде таныту және халықаралық көрші елдеріміз, орталық Азия елдері, Түркі елдерінің ішінде дамыту. Ілкімді істің игілігін бірінші өзіміздің спортшылар көретіні белгілі. Енді елде асық ату жай ғана ойын емес, ресми спорт ретінде дамиды.

Олжас Құспеков, Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясының президенті:

- Мектептер мен балабақшаларды дамыту тетіктері бар. Солардың ішінде қамтылатын болады. Міндетті түрде мектеп ашылатын кезде материалдық базасында сатып алынатын болады жеткілікті деңгейде сол мектептің балалары ойнап танып, біліп күнделікті өмірде қолданылатын деңгейге жеткізуіміз керек.  Төл ойынды дамыту үшін өзіміз ғана емес, оны шет жұрттың да білгені дұрыс. Сол себеппен шет елден келіп бізде білім алып жатқан студенттерге де асық ойнауды үйретеміз.

Жомарт Оразов, Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясының бас хатшысы:

- Көп шет елдің студенттері оқиды. Ең бірінші насихат бізде іште бар студенттерді үйретіп, ережесін үйретіп, құрал-жабдықтарды оқу бітірген жылы, оқу бітіріп түлек атанған кезде, құрал-жабдықты сыйлап  елінде насихаттайтын жағдайға жеткізу және шет елде шыққан жарыстардың бәрінде сол мемлекетке сыйлық ретінде қалдырып кетіп отыруымыз керек. Алдағы меже - көпшіліктің назарын аударған көшпенділер ойыны. Әлем елдерінің құралайды көзге атқан мергендері асық ату алаңында бақ сынайды. Қазір біздің асықшылардың да қарым-қарқыны тәуір. Бәйгеде жүлде алумен қатар, төл ойынымызды өзгелер де білсін деген ниет бар.Сол үшін ережені пыысықтап, жарыс жоғары деңгейде өту үшін бар жағдай жасалды дейді, жауаптылар. Республикалық федерациясымен бекітілген ереже бар, бес табанның да, бес асықтың да. Оған қазіргі күмәнді жерлер болмас үшін бейнекамералар қоямыз. Төрешілер жағынан әділетсіздік болмас үшін бейнекамера қойылады. Қазір Қазақстанда 90 мыңға жуық жан асық атып, ұлттық ойынымызды насихаттап жүр. Мыңнан аса жаттықтырушы жұмыс істейді.

Шернияз Жалғасбекұлы,

24.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале