20.03.2024, 12:15
Оқылды: 54

Әскер спортшысы еркін күрестен халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Арменияның астанасы Ереванда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында еркін күрестен өтіп жатқан халықаралық жарыс аяқталды. Оған он елден 200-ден астам спортшы қатысты. 

Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

cb712d77-3bfe-4948-be44-d666a30dd1e4

Фото: www.gov.kz

ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Камиль Куруглиев 92 келі салмақта бағын сынап, турнирдің алтынын олжалады.

Бірінші кездесуде ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Еуропа 2023 U20 чемпионы армян балуаны Князь Ибоянды жеңді. Камиль Куруглиев Иран чемпионы Әмір Азипурдан да 13:2 есебімен басым түсті. Соңғы кездесуде қазақстандық спортшы беларусь балуаны Алексей Пархоменконы 7:3 есебімен ұтып, жеңіске жетті.

Турнирге Армения, Беларусь, Грузия, Италия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Франциядан келген балуандар қатысты.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале