20.03.2024, 17:58
Оқылды: 79

Ұлттық спорт дәріптелді

Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.

WhatsApp Image 2024-03-20 at 16.51.30

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан - жай емес. Наурызнаманың жетінші күні - Ұлттық спорт күні. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бақ – мерекем, құт-берекем Әз-Наурыз!» атты  этносағат ұйымдастырылды.

432917294_1490135348203774_1428796581432809751_n

Тағылымдық кешке әр топтағы оқырмандар, спортшылар,студенттер, оқушылар, аудандық тарихи- өлкетану музей ұжымы қатысты.

Шара барысында ауыл үлкені Сейілхан ақсақал наурыз бата берсе, көкпаршы, дене шынықтыру пәнінің  мұғалімі Бекболат Файзуллин салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымыз жайында әңгіме өрбітті. Спорт түрлерін айтып, көкпар ойыны, жылқы баптау бойынша ақпараттар беріп өтті.

432854903_1490135471537095_8155419694481198246_n

Ораз Жупиев, Амангелді Самаев қамшы өру, жасау әдісімен, түрлерін оқырмандарға түсіндіріп жас палуан Алинұрға жүген сыйға тартты. Ұлттық ойындар - асық ату ойыны, арқан тарту, қол күрес өткізілді. Шара соңында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» кітап көрмесіне шолу жасалып,

оқырманға ұлттық тағамдар ұсынылды.

 

Гүлбаршын Айжарықова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале