20.03.2024, 23:00
Оқылды: 59

Қаратөбе ауданы: ұлттық спорт күніне орай аударыспақ пен садақ тартудан біріншілік өтті

Наурыз мейрамын тойлау аясында әр күнге атау берілген болатын. Бүгін, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні деп аталды. Осы мерекеге орай Қаратөбе ауданына қарасты Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде ұлттық спорт түрлері аударыспақ және садақ тартудан аудан біріншілігі өтті.

Ұлттық спорт (2)

Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Наурыз айы – мереке думан айы.

Ұлттық спорт (1)

Ұлттық спорт түрлерінен өткен біріншілікте құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан аударыспақ, садақ тарту сынды жауынгерлік рухты оятатын спорт түрлерін жас ұрпаққа насихаттаудың маңызына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бас төреші Жасұлан Рамазанов жарыс ережесімен таныстырды.

Ұлттық спорт (6)

Білекті және епті жігіттердің арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен аударыспақ ойынында І орынды Абай Кенжебаев, ІІ орынды Ернар Берікқалиев, ІІІ орынды Жанер Жанғабыл жеңіп алды. Ал 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткен аударыспақ ойынында І орынды Тілектесов Айбек, ІІ орынды Сержан Құматов иемденсе, ІІІ орынға Қайырбек Сағындықов табан тіреді.

Ұлттық спорт (4)

Мергендігімен сыналатын садақ тарту сайысы 25 садақшының арасында тартысқа толы өтті. Жарыс қорытындысында Бауыржан Шүрмен І орын алып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал Мағжан Серіков ІІ орын алса, жүлделі ІІІ орын Райымбек Серіковке бұйырды. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын Зина Валерий иемденді.

Ұлттық спорт (9) (1)

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

#nauryznambqo

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале