«Наурызнама» онкүндігінің қайырымдылық күніне орай Казталов ауданына қарасты Нұрсай ауылында 100 балаға Наурыз қоржын табысталды.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Орал қаласындағы ауылымыздың перзенті жеке кәсіпкер Ерсұлтанның жетекшісі Ернар Мұхидденұлы Нұрболатовтың демеушілігімен округтің 100 отбасы бүлдіршіндеріне «Наурыз қоржыны» таратылды. Шуақты мейрам кезінде балаларға тәттілері мен сыйлықтарын жеткізіп, ауыл тұрғындарының көңіліне мейірімділік, мерекелік көңіл күй ұялатты. Осындай игі істер жалғасын табады деген сенім білдіре отырып, Ернарға ауыл тұрғындары атынан алғысымды білдіреміз. Кәсібі өркендеп, отбасына бақыт, береке, толағай табыс тілейміз. Елінің мақтан тұтар, сүйсіндірер ұлы болып жүре бер.
Ауыл тұрғындарын келе жатқан жыл басы Наурыз мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа шаттық, бірлік, татулық, молшылық тілейміз.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы