Жымпиты ауылының тұрғындары Хадиша Ермекова мен Нұралы Чукуров ұзақ жылдар аудандық тұрмыстық қамту комбинатында, Сырым аудандық ауруханасында көлік жүргізуші, шаруашылық жөніндегі меңгеруші қызметін атқарған еңбекқор жандар.
Өнегелі еңбек жолдары жас буынға үлгі-өнеге болған қос ардагердің шаңырағына арнайы барып сәлемдескен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев, Жымпиты ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Тұрар Қамалов, ардагерлерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, округ әкімі Мейрам Қайырғалиевтің құттықтау хатын, сый-сияпатын тапсырды.
Сондай-ақ, Нұралы Ділмұхамедұлына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергеннің атынан Құрмет грамотасы табыс етілді.
Қос ардагер арнайы келіп құттықтап, көңілдерін сергіткендері үшін ақ батасын беріп, алғыстарын айтты. #nauryznamabqo
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы