23.03.2024, 11:43
Оқылды: 92

Оралда қалалық сенбілік өтті

Бүгін Тазару күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен сенбілік өтті. Таңертеңгі 8.00-ден бастап Исатай-Махамбет ескерткіші маңына жиналғандардың жалпы саны 350-ден асты.

IMG-20240323-WA0010

Олардың арасында қала тұрғындары, мекеме қызметкерлері және студент жастар бар.

IMG-20240323-WA0020

Жұмыла жұмысқа кіріскендер қолдарындағы қапты қоқысқа толтырып, жол жиегін ағаш сынықтарынан тазартты.

IMG-20240323-WA0018

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Наурызнама онкүндігіне орай өңірімізде көптеген іс-шара өтті. 23 наурыз – Тазару күні. Соған байланысты сенбілікке шыққан жандарға алғысым шексіз. Шаған өзенінің екі жағында қураған, құлаған ағаш көп. Тазарту жұмысы ақпан айында басталып, құлауға жақын тұрған ағаштар кесілді. Қураған ағаштардан біз уақтылы құтылуымыз керек, – деді Нариман Төреғалиұлы.

Өз кезегінде сенбілік қатысушылары осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, шаһардың жайнай түсетінін тілге тиек етті.

IMG-20240323-WA0025

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Сабыржан Сағидолла ел игілігі үшін қызмет етуге қашанда дайын екендерін жеткізді.

IMG-20240323-WA0021

– Облысымызда Наурызнама жоғары деңгейде аталып өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беруіміз қажет. Оларды тазалыққа үйрету керек. Сол бағытта ұйымдастырылған осы сенбіліктің пайдасы көп, – деді Орал қаласының тұрғыны Айгүл Мұратбекова.

IMG-20240323-WA0017

Айта кетейік, сенбілікте Пугачев аялдамасынан Жәңгір хан көшесі мен Әзірбайжан көшесінің қиылысына дейінгі жолдың жиегі қоқыстан тазартылды.

IMG-20240323-WA0028

IMG-20240323-WA0012

IMG-20240323-WA0014

Марлен Ғилымхан,

Сурет ҚДБ-дан

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале