27.03.2024, 11:15
Оқылды: 116

Ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров Жалпақталға келді

Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы Кенжебек Меңдәлиев атындағы мектепте Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, саясаттану ғылымының докторы, филология ғылымының кандидаты Мұхит-Ардагер Сыдықназаров және көпшілікке танымал өлкетанушы Айболат Құрымбаев кездесу өтті.

IMG-20240326-WA0137

Профессор Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы Қазақ мемлекетінің орта ғасырларда еуропа тарихшылары түсірген карталарының сырларын нақты дәлелдермен тарқата түсіндіріп, тынымсыз еңбегінің арқасында табылған, Тәуелсіз еліміздің тарихындағы аса құнды деректермен бөлісті.

Сонымен бірге кездесуге қатысқан ұстаздардың ұлттық тарихымызға қатысты сұрақтарына да ауқымды жауаптарын берді. Қазақ мемлекетінің Еуропа архивтерінде сақталған карталары жөніндегі мәліметтер тарихымыздың тереңде жатқан, бізге әлі де беймәлім жақтарын білуге мүмкіндік берді.

866674dd-4d44-411d-8090-e51eae29d517

Брюссельде белгілі қазақстандық ғалым, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты бірегей кітабының тұсаукесері өткенін бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп, хабардар болған едік. Онда қазақстандық ғалымның әлемдік коллекциялардағы көпжылдық бастамашыл зерттеулері мен еңбектерінің нәтижесі және 130 карта хронологиялық тәртіппен автордың түсініктемелері келтіріліп, шығу деректері мен техникалық параметрлері сипатталғаны айтылған еді.

Енді міне, елге әйгілі сол ғалыммен Жалпақталда, өзіміздің мектебімізде емен жарқын кездесіп, сұхбаттасудың сәті туып отыр. Мұхит-Ардагер Сыдықназаров өзінің еңбгінде халықаралық ғылыми, мәдени-ақпараттық кеңістікке еуропалық және американдық карталарда тіркелген Қазақ мемлекеті туралы жаңа ғылыми деректер жинағын ұсынды. Ол сенімді карталар мен дереккөздерді іздеуде Принстон, Стэнфорд, АҚШ Конгресінің кітапханасы және тағы басқа танымал әлемдік ғылыми және университет орталықтарымен жемісті жұмыс жүргізген. Оның XVI-XIX ғасырлар аралығында Қазақ мемлекеті көрсетілген, еуропалық, кейіннен американдық ғалымдар, географтар, картографтар қалыптастырған бірегей ежелгі карталары бар жарияланымы Қазақстанның халықаралық ғылыми қоғамдастықпен қарым-қатынасындағы мемлекеттілігінің орныққан дәстүрлерін түсіну үшін маңызды оқиға.

Шарада сөйлеген сөзінде қазақстандық ғалым:

 - Қазақтардың автоэтнонимі дыбысының түпнұсқасына, әлемдік, еуропалық картографтар, саяхатшылар, орта ғасыр, жаңа уақыт дипломаттары әзірлеген карталарда өздерінің ұлттық тілдерінің жақындығына қарамастан, кеңдігі мен сан алуандығы жөнінен көп жағдайда таң қалдырады, – деп атап көрсетті.

- Оның айтуынша, географ-ғалымдардың, картографтардың, саяхатшылардың карталарында Қазақ мемлекетінің атаулары уақыт пен кеңістікте тұрақты. Ғалым жиналғандардың назарын Нидерланд, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия, Австрия және АҚШ-тың озық картографиялық баспаларында Қазақ мемлекеті тарихтың қаралып отырған кезеңінде саяси және өзге де атластарда тұрақты түрде қатысып отырғанына аударды. Ол сөзінің соңында Еуропалық зерттеушілердің, картографтардың, саяхатшылардың, кейінірек американдықтардың бірлігі, XVI-XIX ғасырлардағы өз атластарында қазақ мемлекетінің белгіленуі мен жазуында қазақ мемлекетінің атауы 1465 жылы Қазақ хандығы құрылған сәттен бастап, таза автоэтнонимнен ауыса отырып, институционалдық бекітілген әлем картасында танымал болғанын баса айтты, - дейді ғалымның бас қосуына қатысып, лекциясын тыңдаған тарих пәні мұғалімі Абылай Молдашев.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале