Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 9 қыркүйек күнгі № 319 Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Бақытжан Сағынтаев әр жылдары өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі қызметтерінде болған. Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды. 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.
Еске салайық, кеше, 8 қыркүйекте Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалғаны, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі міндетін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың уақытша атқаратыны хабарланған болатын.
Президенттің №320 Жарлығымен Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
www.zhaikpress.kz