28.03.2024, 23:30
Оқылды: 66

Сырым ауданы: эвакуацияланған адамдар дәрігерлер назарында

Кешелі бері Сырым ауданы бойынша 1327 адам эвакуацияланғанын хабарлаған едік. Аудан орталығындағы тұрғындар «Жібек жолы» кемпингі мен Ж.Досмұхамедов атындағы мектепке көшірілген болатын.

c2dae026-d40f-4014-a0f7-5167335ec84e

Қазіргі таңда медициналық көмекке зәру жандарға қолдау көрсетіліп жатыр.

- Кешеден бері эвакуацияланған тұрғындарға емхана меңгерушісі, ЛОР дәрігер Мәншүк Құрмашева, аудандық аурухана директорының орынбасары, педиатр Мергүл Сарғозиева, жалпы тәжірбиелі дәрігер Назгүл Несіпқалиева, психолог Әлия Құзайырова және медбикелер құрамы жерлестерге, сәбилерге медициналық тексеру, амбулаториялық ем-дом шаралары күніне екі мезгіл жасалуда,- дейді аудандық аурухана директоры Сабыр Мендешев.

12ab13ca-6eb4-4dbd-96fd-f8238609bf34

Аурухана басшысының сөзіне сүйенсек, Ж.Досмұхамедов мектебіндегі штабта 37 ересек адамға, 5 жасқа дейінгі тоғыз балаға, 5-17 жастағы 23 балаға, жалпы саны 69 тұрғынға медициналық көмек көрсетілген болса, “Жібек жолы” кемпингіндегі жерлестердің ішінде 22 ересек, 5 жасқа дейінгі 11 балаға, 5-17 жас аралығындағы 13 бала, жалпылама 46 тұрғын дәрігерлер мен медбикелердің, психологтың назарында.

4821f496-7afe-45b5-84fb-192e7216dfd0

Ақ халаттылар бесіктегі баланың жөтелінен бастап, егде жастағылардың қан қысымын, ем-дом шараларын көзден таса қылмай, бақылауда ұстап отыр.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале