29.03.2024, 20:00
Оқылды: 40

Жәнібектік есепшінің еңбегі еленіп, құрмет көрсетілді

Бүгін Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова ауданның даму жолында өлшеусіз үлес қосқан Жәмиға Мұханбетованы келе жатқан мерейлі 70 жасымен құттықтап барды.

FB_IMG_1711716436944

Жақсылық Каримоллаұлы қажырлы еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагерге ізгі тілегін білдіріп, әдемі гүл шоғы мен аудан әкімі Тимур Шиниязовтың алғысхатын табыстады. Жәмиға Мұханбетқызы еңбегін елеп, құрмет көрсеткендеріне һәм уақыт бөліп келгендеріне өз ризашылығы мен алғысын білдірді. Ол саналы ғұмырын ел қызметіне арнап, әр жылдары әрқилы салада маңдай терін төкті.

Атап айтсақ, 2006 жылы ауданда дербес бөлімдер ашылды. Кәсіпкерлік бөлімінде бас есепшінің жұмысын атқарған. 2010 жылдан бастап аудандық ішкі саясат бөлімінде бас есепші болып, 2012 жылдың 1 сәуірінен зейнеткерлікке шыққан. Зейнеткерлікке шыққанан кейін де 6 жыл «Атамекен» палатасында менеджер-консультант қызметін атқарған.

Айсұлу Жұмабай,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале