20-22 сәуір күндері Гонконгта өтетін дзюдодан XXXII Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын дзюдошылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Фото: kazsports.kz
Ерлер:
60 келі. Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев.
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали
73 келі. Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов.
81 келі. Абылайхан Жұбаназар.
100 келі. Нұрлыхан Шархан.
+100 келі. Ерасыл Қажыбаев.
Әйелдер:
48 келі. Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева.
57 келі. Бахыт Құсақбаева.
63 келі. Эсмигуль Куюлова.
70 келі. Екатерина Токарева.
78 келі. Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина.
+78 келі. Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.
Азия чемпионатының жеңімпазы рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай алса, қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 балл қосылады.