Түнде Оралда судың қауіпті деңгейден жоғары көтерілуіне байланысты Деркөл және Шаған өзендерінде кейбір тұрғын және саяжай үйлерін су басу басты.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
– ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуациялануды сұрайды, - делінген хабарламада.
zhaikpress.kz