5.04.2024, 16:30
Оқылды: 58

Жәнібек ауданы: мәселе көп, шешімі бар ма?

Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаев аталған ауыл тұрғындарымен жүздесті. Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов та ортадан табылып, жалпы аудан көлемінде жүзеге асқан һәм келешекте кетігін табатын істерді баяндады. Жүздесуде талқыланған мәселелер ауқымды болды. Жәнібектіктердің өзекті сұрағына дөп баса жауап беретін бөлім басшылары да қатысқан жиын бақандай екі сағатқа ұласты. Алғаш боп сөз алған Абзал Бақытұлы:

FB_IMG_1712309378102

- Жәнібек ауылы бойынша түйткілді мәселелерді талқылайық. Еркін түрде сұрақ қойып, жауап алып, ұсыныстарыңызды да айта кетсеңіздер деймін. Күн тәртібінен де, халық санасынан да түспей тұрған әр саладағы өзекті жағдайларды айтсаңыздар, шешілу жолында қызмет атқарамыз. Жалпы жүздесуде айқын екпін түсіре талқыланатын ауыл тұрғындарының жеке мал бағымдарын ұйымдастыру және табындарды асыл тұқымды бұқалармен қамту, ауыл тазалығын сақтауда тұрғындардың жауапты болуы мәселелері, - деді.

FB_IMG_1712309373486

 

25 бас жылқы пойызға қағылған

 

Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаевтың айтуынша, биыл мал жеті бағытта бағылады. Бақташылармен алдын ала келісілген. Бірақ ауыл аумағында мал ұстаудың өзі қиынға соғып тұр. Нақтырақ тоқталсақ, бос жүрген мал саны көп. Ауыл ішінде ірі қара малдардың бағусыз босып жүретінін кім болса да, жоққа шығара алмайды. Ендігі кезекте арнайы ережеге сәйкес бұл малдар айыптұрағына қамалынып, иелеріне айыппұл салынбақ. Неге десеңіздер, осы қыста дәл осылай бағусыз жүрген 25 бас жылқыны пойыз турап өткен. Міне, егер малымызды бос қойып жіберсек, нәтижесі – адам шошырлық. Оның үстіне шекаралық аудан болған соң бұл мәселенің зардабы ұшан-теңіз.

FB_IMG_1712309368746

- Осы қыста да орталықта мал шығыны болды. Ақпаннан наурыз айына дейін өлекселерін тасып, өртеп, жоюмен айналыстық. Наурыз айында мал санағы жүрді. Өкінішке қарай мал басын толық санаққа бермейтін ауылдастар бар. Әр мал иесі ИСЖ базасы арқылы атындағы малға дұрыс есебін жүргізіп отыруы керек. Аз сатылған немесе сойылған малдарымызды ветеринариялық стансаға барып, тізімнен шығарайық, - деді Абзал Бақытұлы.

 

Ауыл тазалығы сақталуы үшін...

 

Сондай-ақ тұрғындардың малды Ғ. Қараш, Ш. Мәжитов, М. Ықсанов көшелерінің жол жабыны үстімен айдайтынын айтпай өтуге болмас. Негізі мал иелерінің малдарын жайлауға апарғаны дұрыс әрекет. Орталықта мал бағу еңбегі 1500 теңгені құрайтын болса, жайлауға тапсырса, көрсетілген бағаның үстіне көп қосыла қоймайды. Есесіне ауылымыздың тазалығы сақталып, қалыпқа келіп қалар еді. Жиын барысында бақташылардың жұмыс тәртібі айтылып, әр көшеге һәм әр бағытқа белгіленген бақташылардың ойлары тыңдалды.

FB_IMG_1712309370977

Ит үрер, керуен қалай көшпек?

 

 Қазіргі уақытта төрт-түлік малды ванцинациялау, қан алу жұмысы қарқынды жүзеге асуда. Мұны егжей-тегжейлі түсіндірген ветеринариялық стансаның директоры Мерболат Теміров тұрғындар бірауыздан көтерген қаңғыбас иттер мәселесіне ойысты. Ауылдағы шұбырған төртаяқтылардан қорыққан олар балаларын жалғыз мектепке жібере алмайды. Жалпы малға шабуылдау, тамақтау фактілері тіркеліп, тұрғындар зардабын тартуда. Бірақ нақты атуға рұқсат деген заңның жоқтығынан басшылар қауқарсыз.

700 теңгені қисақ, қоқыс та тасылмақ

Ауыл әкімі Абзал Қаратевтың елмен жүздесу жиында қоқыс шығару мәселесі үлкен дауға айналды. Оған жауапты «Eco Club» ЖШС жетекшісі Бауыржан Сабанов ашына сөйледі.

FB_IMG_1712309375877

 - Ауыл тазалығына салғырт қарап, мән бермей жүрген кезде қоқысқа тұншығатын болдық. Біраз көшеге арнайы қоқыс салатын орындар салынды. Енді тұрғындар тарапынан келісім жүрсе, жәшіктері де қойылып, мен де кезекті жұмысыма кірісіп кетер едім. Дегенмен жұрт бар болғаны 700 теңгені қимай отыр. Мұнан ешкімнің байып кетпесі анық қой. Сіздердің төлейтін ақшаларыңыз трактордың соляркасын ақтайды. Қалай газ, жарық жарналарын төлеуге келгенде жауапкершілікпен қарасақ, қоқыстың ақшасын төлеуде де сондай ниет танытайық, жерлестер. Тазалық болмаса, түк те өнбейді, - деді.

«Кооператив құруға неге күмәнмен қараймыз?»

FB_IMG_1712309380292

          Жиында кооператив құрудың тиімділігі айтылып, кең көлемде насихатталды. «Ауыл аманаты» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы Мирболат Танкишев құрылымына тоқталып, негізгі міндеттері мен мақсаттарын жеткізді. Бірақ барлығы біз ойлағандай болмады. Бір тарап кооперативтің ертеңіне сеніммен қараса, енді бір тарап «болмайтын нәрсе» деп сөкті. Осы орайда «SHOPAN ATA» қауымдастығы аудандық филиалының төрағасы аталған бағытты қолған өзге аудандарға шолу жасады. Кооперативтің болашағы жоқ дегендерге тіліне тиек еткен аудандарға сапарлауды ұсынды.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале