Сәуір айы басталғалы бері күн жылынып, жер құрғап келеді. Судың беті әлі қайтпай тұрғанымен, су басу қаупі төнбейтін ауылдарда маусымдық шаралар жүргізіліп жатыр.
Шыңғырлау ауданының Жаңакүш, Ұрысай ауылдарының кіре берісіндегі көлік қатынас жолдары тегістеліп, ретке келтіріліп жатыр. Аудан орталығы мен ауылдық округтерде сенбіліктер басталып кетті. Әр түрлі бөлім қызметкерлері шығып мекемелердің айналасын, көшелерді, ал тұрғындар өз үй-жайларының жан-жағын қоқыстан тазалап, жинастыруда.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz