Тасқын басталғалы өңірдегі эпидемиологиялық ахуал күрделенген жоқ. Ол турады ТЖ департаментінде өткен брифинггте облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұқамғали Арыспаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, наурыздың 30-нан күні бүгінге дейін су тасқыны орын алған Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандарында ішек ауруларымен шағымданғандар тіркелмеген.
- Облыстың бес ауданында және Орал қаласында барлығы 20 елді мекенді су басты. Ол аймақтардағы эпидемиялық маңызы бар нысандар да болды. Атап айтар болсақ, Қаратөбе, Теректі, Сырым аудандарында бес мал қорымы, Сырым ауданында үш сібір жарасымен ауырған мал көмілген орын, Теректі, Қаратөбе аудандарында екі зират, Қаратөбе ауданында тұрмыстық қалдықтар төгетін орын, және Бөрлі ауданының медициналық пункті мен Қаратөбе ауданының фельдшерлік – акушерлік пункті бар. Одан бөлек Казталов, Сырым, Бәйтерек аудандарында төрт су құбыры мен
Казталовка ауданында бір ұңғыма су астында қалды,- деді М. Арыспаев.
Бүгінде жер үстіндегі және жерасты су көздеріндегі ауыз судың сапасына бақылау жасалған.
- Тасқын басталғалы орталықтандырылған сумен жабдықтау көздердерінен 412 сынамасы алынды. Оның 213-іне микробиологиялық, 199 сынамаға санитариялық-химиялық зерттеу жасалды. Нәтижесі жақсы, қауіп жоқ. Сондай-ақ орталықтандырылмаған (құдықтар) сумен жабдықтау көздерінен 4 су сынамасы алынды. Кей аймақтарда аздаған ластану бар. Ондай жағдай орын алған жерлерге су тасымалы ұйымдастырылды,- деді М. Арыспаев
Қазіргі таңда департамент тіршілік көзімен жабдықтаудың барлық шаруашылық жүргізу субъектілеріне су тасқыны кезеңінде ауыз судағы хлор концентрациясын арттыру және ауызсуды зарарсыздандыру жөнінде хаттар жолдаған. Облыс аумағындағы 18 уақытша орналастыру пунктінде 1654 адам қоныстанған болса, оның 837-сі бала.
Аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма мамандары ол жерлерде тәулік бойы кезекшілік жүргізуде. Кезекшілік барысында эвакуацияланған халықты тамақтандыруды және жайлылықты ұйымдастыруға ерекше назар аударады.
-Уақытша орналастыру пункттерінде тазалықты сақтау, дезинфекциялау және ғимарат ішін желдету сияқты қажетті шаралардың орындалуы да қадағаланы,-деді М. Арыспаев.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz