Бүгін аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев Жалпақтал ауылындағы «Автобаза» бөгетін бөгеу жұмыстарын бақылады. Жалпақтал ауылының тұрғындары үшін бұл бөгеттің маңызы зор. Өйткені өзеннің арғы бетін қоныстанған жерлестеріміз су тасқынының алдын алу шаралары кезінде Жалпақталға қайық арқылы қатынап жүрді. Бөгет бөгелсе тұрғындардың да, төрт түліктің де қатынасы жанданады.
- Біз су тасқынының алдын алу шаралары кезінде бөгеттерді жыртып, қауіпті сейілттік. Алайда бөгетті қайта бөгеу жұмыстарына да ерте қамданып, «Қазсушар» РМК БҚОФ және облыстағы мердігер компаниялардың техникалары арқылы бөгеттерді бөгеуге дайындық жұмыстарын жүргіздік. Қазіргі таңда «Автобаза» бөгетін бөгеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған 8 бірлік техника, 10 адам жұмылдырылды. Сын сағатта қолдау көрсеткені үшін облыс басшылығына, мердігерлерге ризашылығымызды білдіреміз, - деді аудан әкімінің орынбасары Рашит Нәсіпқалиұлы.
«Қазсушар» РМК БҚОФ Казталов учаскесінің бастыеы Еркебұлан Ермұхановтың айтуынша бөгетті бөгеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
- Жалпы бөгеттерді бөгеу жұмысына «Қазсушар» РМК БҚОФ 4 техникасы, «Жайық Сити» ЖШС 4 техникасы жұмылдырылды. Алдағы уақытта «Гүрілдеуік», «Мәнти» , «Жиеш», «Маламбай» бөгеттерін бөгеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстар жіті бақылауымызда, - деді учаске бастығы.
Жалпақталдықтар бөгеттердің бөгелуіне ризашылықтарын білдірді.
Казталов ауданы әкімдігінің
баспасөз қызметі