22.04.2024, 16:20
Оқылды: 73

Тасқала ауданы Мереке ауылының мектеп оқушылары спорт киімімен қамтамасыз етілді

Спорт - денсаулық кепілі. Сондықтан да болар мерекелік жастар спортқа жақын жүреді. Әсіресе мұнда волейболдың іргетасы мықты қаланып, қарқынды дамығаны көрініп тұр. Бұл жерде спорт ардагері Хантемір Болатұлының еңбегін атап өтпеу мүмкін емес.

спорт киім 1

Одан кейін бұл үрдісті Хантемір ағайдың шәкірттері жалғастырса, 2020 жылдары Мереке мектебін басқарған Мерлан Ерғали да волейбол ойынының дамуына тың серпін берді. Бұл ауылда соңғы жылдары волейболмен қатар шағын футболдың да жақсы жолға қойылғанын байқауға болады. Оған мерекелік аяқ допшылардың аудандық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп, өзіндік ойын өрнектерімен ерекшеленіп жүргені дәлел.

спорт киім 3

Әрине қандай да бір спорттың дамуы үшін жан-жақты қолдау қажет екені белгілі. Осы тұрғыдан келгенде әр жылдары мектеп бітірген мерекелік түлектер жылма-жыл демеушілік танытып, спорттық киім және доптармен қамтамасыз етіп келеді. Биыл Мереке ауылының шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлері де көмек қолын созып, мектеп оқушыларына волейболға арналған киімдер алып берсе, күні кеше ауыл түлектері шағын футболшыларға 10 дана спорттық киім тарту етті. Оларға жалпы сомасы 250 000 теңгедей қаражат жұмсалды. Бір сөзбен айтқанда Мереке ауылындағы спортқа деген қолдауды осыдан-ақ аңғаруға болады.

спорт киім 2

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале