Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігіне аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен актив жиыны өтті. Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Ол – ротация тәртібімен тағайындалған БҚО шекара қызметі департаментінің Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, подполковник Ерғали Аймырзаевты таныстыру.
Аудан басшысы Ерғали Әділбекұлына «ауданға қош келдіңіз» айтып, жауапты қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде подполковник құшақ жая қарсы алып жатқан ауданға алғысын білдіріп, қоян-қолтық жұмыс жасайтындығын айтып, оның алдында бастық болған Қуанышбек Нүсіпке толағай табыс тіледі.
Ерғали Әділбекұлы 1979 жылы 23 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір елдімекенінде дүниеге келген. 1997 жылдан бері шекара қызметінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Жоғары әскери оқу орнында білім алып, магистратураны тәмамдаған. Бүгінгі күнге дейін Абай облысы, Мақаншы шекара басқарма бастығы лауазымында болған.
Отбасылы, үш ұл тәрбиелеп отыр.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы