29.04.2024, 12:17
Оқылды: 60

Заңғар Нұрланұлы Түркиядағы жарыста үздік атанды

"Қазақстандық 15-жасар Заңғар Нұрланұлы Түркияның Измир қаласында өткен ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды", - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

InShot_20240429_045830947

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші финалда Түркияның жасөспірімдер арасында бірінші, осы жарыстың 1-ракеткасы Мелих Анаватанды тартысты матчта 3:6, 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

Заңғар Нұрланұлы финалға барар жолда Түркияның тағы екі өкілінен айласын асырды.

«Финалдық бәсеке өте тартысты болды. Бірінші сетте есе жібергеннен кейін екінші партияда жоғары ойын деңгейін көрсете алдым. Қорытындысында жеңіске жетіп, жекелей сында 2024 жылдағы алғашқы титулыма қол жеткізгеніме қуаныштымын», - деді Заңғар Нұрланұлы.

Бұл – Заңғардың жекелей сында ITF Juniors жарыстарындағы үшінші табысы. Өткен жылы ол Армения мен Словакияда дәл осындай додаларда үздік шыққан еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале