30.04.2024, 15:14
Оқылды: 66

Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы жол құрылысы аяқталады

Ол туралы Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Айтмағамбетов мәлімдеді. Айта кетейік облыстық маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер жолының 43-93 шақырымы яғни жалпы ұзындығы 50 км автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады.

жп жол (2)

- Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2024 жылдар. Бүгінгі күнге дейін 43,4 шақырым жол төселіп, жұмыстың 85%-ы орындалды. Аталған нысанды аяқтау үшін биыл жергілікті бюджеттен 3,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде жұмыстарды жалғастыру үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Бауыржан Айтмағамбетов.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы биыл Барбастау-Ақжайық-Индер автомобиль жолының 93-145 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары басталатынын атап өтті. Қазіргі таңда мердігерді анықтау рәсімі аяқталды. Жоғарыда аталған тас жолды "Uniserv" ЖШС жөндейді.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале