Бүгінгі таңда 5 өңірде 34 мердігер компания 398 үй салуға кірісті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева мәлімдеді.
Фото: www.gov.kz
Жергілікті атқарушы органдардың жедел ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 5 678 тұрғын үй су астында қалып отыр, оның ішінде 5 607-сы жеке тұрғын үйлер және 71-і көп пәтерлі тұрғын үйлер, сондай-ақ 17 907-і саяжай үйлері.
Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен 11 865 тұрғын үй бар, оның ішінде жеке тұрғын үй – 11 794 және көпқабатты тұрғын үй – 71, сондай-ақ 24 368 саяжай объектісі.
Бұл ретте 2 947 тұрғын үй нысаны бойынша техникалық тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша, 1553-і қайта салуды қажет етеді, ал 1394 үй жөндеуді қажет етеді.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың алдын ала деректері бойынша 8 097 дайын жер учаскесі бар.
Өңірлік бөліністегі жағдай осындай: Ақмола облысында – 335 жер учаскесі; Атырау облысында – 3 465 жер учаскесі; Ақтөбе облысында – 409 жер учаскесі; Қостанай облысында - 2 189 жер учаскесі; БҚО - 188 жер учаскесі; СҚО - 1 500 жер учаскесі; Қарағанды облысында - 6 жер учаскесі; Павлодар облысында – 5 жер учаскесі.
Сондай-ақ М.Ибраева Қалпына келтірудің үш механизмі бар екенін еске салды. Атап айтса, жаңа тұрғын үй құрылысы, қолданыстағы тұрғын үйді жөндеу және нарықта дайын тұрғын үйді сатып алу.
Барлық өтініш eGov порталы арқылы, оның ішінде eGov-mobile мобильді қосымшасы арқылы қабылданады. Келесі кезекте әкімдіктер техникалық байқау және залалды бағалау жұмысын ұйымдастырады, содан кейін объектілер жергілікті атқарушы органның өңірлік комиссиясының қарауына беріледі.
Әкімдік комиссиясы әрбір нысан бойынша шешім қабылдайды, одан кейін барлық объектілер пайдалануға, бақылауға алынып, мониторинг жүйесіне енгізіледі. Жер учаскесі берілген сәттен бастап тұрғын үй пайдалануға берілгенге дейін әрбір нысан бойынша мониторинг жүргізіледі.
5 өңірде (Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Павлодар, СҚО) 34 мердігер компания 398 үй салуға кірісті. Сонымен қатар, Қостанай облысында әкімдік 31 пәтер сатып алып, зардап шеккен отбасыларға берді.
Анықтама:
- Ақтөбе облысында – 11 мердігер компания Қобда ауданында 89 үйдің құрылысын бастады;
- Батыс Қазақстан облысында – 12 мердігер компания Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында 203 үй салуды бастады;
- Қарағанды облысында – 1 үйдің құрылысы басталды;
- Павлодар облысында – 5 үйдің құрылысы басталды;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 10 мердігер компания 100 үйдің құрылысын бастады.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің әкімдіктері тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін мердігерлерді қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.