Бүгін жұмыс күні деп белгіленсе де сырымдықтар сенбілік жасауға уақыт тапты.
Республикалық "Таза Қазақстан" акциясын қолдау мақсатында Жымпитыдағы мекеме қызметкерлері аудан орталығынан Орал, Ақтөбе және Ақсай қалаларына қарай шығатын жолдардың маңын қоқыстардан тазартты.
Бұл жолдар – Жымпитының бейнесіне жауап беретін аймақтар.
Әрине, кеңседегі жұмысынан уақыт ауыстырып, ыждағаттылықпен ауылының тазалығына қызмет еткен жандарға еріксіз риза боласың! Ал, көлігінің терезесінен жол-жөнекей қоқыс лақтыратын адамдарға не деріңді білмейсің.
Жымпиты ауылдық округі әкімінің бас маманы Тұрар Камаловтың айтуынша, бүгін сенбілікке 100-ден аса адам шыққан.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы