8.05.2024, 11:00
Оқылды: 88

Сары құрлық додасынан батысқазақстандық спортшылар үш алтын иеленді

Астана қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлықтың мықты жас былғары қолғап шеберлері бас қосқан шаршы алаң додасында 14 алтын медаль жеңіп алған ұлттық құрама боксшылары жалпы есепте бірінші орынға табан тіреді.

IMG-20240508-WA0010
Қазақ бокс мектебінің кезекті жеңісіне өңір спортшылары да өз үлесін қосты. Азия біріншілігінде ел намысын қорғаған үш боксшымыз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

InShot_20240508_104803856
Алдымен қыздар арасында 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақнар Ищанова алтыннан алқа тақты. Ақнар қыз финалдық жекпе-жегінде өзбек елінің намысын қорғаған Айсане Сәруәрованы жеңді.

InShot_20240508_074055460

Артынша 18 жасқа дейінгі жастар арасында шаршы алаңға шыққан Өнер Сейілхан 71 келі тартатын боксшылар бәсекесінің жеңімпазы атанды. Өнер Үндістаннан келген Пряншу атты спортшыны сабап тастады.

IMG-20240508-WA0011(1)

Ал 22 жасқа дейінге жастар сынында өнер көрсеткен тағы бір боксшымыз Сабыржан Аққалықов та үмітті ақтады.

InShot_20240508_104829351

71 келіде өнер көрсеткен Сабыржан финалдық бәсекеде тәжік спортшысы Давуд Махамовты 5-0 есебімен жеңді.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале