10.05.2024, 9:00
Оқылды: 59

Мәдениет және ақпарат министрлігі жаңа порталды іске қосты

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі batyrlargatagzym.kz порталын іске қосты.

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

InShot_20240510_083228005

Жобаның негізгі мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты III отырысында атап өткендей, мемлекет соғыс жылдарында теңдесі жоқ жауынгерлік және еңбек ерліктерін жасаған отандастарымызды ел жадында сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Сайт әр түрлі ақпарат көздерінен жинақталған және Қазақстан халқының ерлігінің мәңгілік ескерткіші.

Пилоттық жоба 2023 жылы іске қосылып, азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Сайттың функционалдық мүмкіндіктері кеңейтіліп, деректер толыққанды порталға жүйеленді.

Бүгінгі таңда порталда 100 мыңнан астам қазақстандық ардагер туралы ақпарат бар. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай портал барлық ардагер туралы деректерді біріктіреді деп үміттенеміз.

Біз әр қазақстандықты ҰОС ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қосуға шақырамыз. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттармен сайтты толықтыруға көмектесе алады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін.

Бұл портал – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, еріктілер мен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале