11.05.2024, 0:00
Оқылды: 29

Жалпақталда «Өшпес мұра» атты оқушылардың облыстық байқауы өтті

Жалпақтал ауылындағы мәдениет үйінде оқушылар арасында ұлтымыздың Ұлы өнерін ұлықтап, қаймағы бұзылмаған дәстүрлі ән-термелерді ғасырдан ғасырға жеткізген біртуар тұлға, дәстүрлі ән өнерінің ірі өкілі, Қазақстанның халық әртісі, Батыс ән мектебінің негізін қалаушы, киелі Қаратөбе өңірінің тумасы, дәстүрлі абыз әнші, термеші, жыршы Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жасқа толуына және Ғарифолла Құрманғалиевтің ең алғашқы шәкірттерінің бірі, ірі ұстаздың ізін жалғастырушы, Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің және Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, І дәрежелі «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Казталов ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз, Баян Қабиеваның 70 жасқа толу құрметіне орай «Өшпес мұра» атты дәстүрлі әншілер байқауының шымылдығы ашылып, оған өңіріміздегі Шыңғырлау, Сырым, Тасқала, Ақжайық, Казталов аудандары мен Орал қаласынан «Қарақат» мектеп студиясы мен Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің жеткіншек өнерпаздары қатысты.

20240510160058_IMG_8163

 

Дүбірлі додаға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының және «Парасат» орденінің иегері, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Дариға Мұштанова бас қазы болып төрелік етсе, айтыс ардагері, жергілікті сазгер, әнші-термеші - Сәрсенғали Бисенғалиев және «Ерен еңбегі» медалінің иегері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әншісі, Баян Құбайқызының төл шәкірті - Ернар Өмірәлі қазылар құрамынан табылды.

Байқауға қатысушы өнерпаз өрендер екі топ бойынша бағаланған байқау жүлделері мен түрлі аталымдарды төмендегіше бөлісті:

«Балдырған» тобы бойынша

І орын — Тұрғали Әлижан (Орал қаласы, Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі) Жетекшісі Дастан Есентеміров.

ІІ орын — Зейнулла Ернұр (Орал қаласы, Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі) Жетекшісі Назгүл Қабиева.

ІІ орын — Орынбасар Ерсұлтан (Орал қаласы, Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі) Жетекшісі Дастан Есентеміров.

ІІІ орын — Рахымжанова Мерей (Шыңғырлау ауданы, Балалар музыка мектебі) Жетекшісі Аманғали Сатпанов.

ІІІ орын — Шабақ Бақдәулет (Орал қаласы, «Қарақат» мектеп студиясы) Жетекшісі Аружан Нетқали.

ІІІ орын — Кенжеғали Гүлназ (Казталов ауданы, Жалпақтал балалар өнер мектебі) Жетекшісі Баян Қабиева.

Жеткіншек топ бойынша:

І орын — Сұлтан Алина (Казталов ауданы, Жалпақтал балалар өнер мектебі) Жетекшісі Баян Қабиева.

ІІ орын — Елемес Аяжан (Казталов ауданы, Ақпәтер ЖОББМ) Жетекшісі Бауыржан Қыдырғалиев.

ІІ орын — Серік Аянат (Казталов ауданы, Жалпақтал балалар өнер мектебі) Жетекшісі Асылхан Бултанов.

ІІІ орын — Сәкенқызы Назгерім (Ақжайық ауданы, Балалар музыка мектебі) Жетекшісі Дәурен Ораш.

ІІІ орын — Майданова Адина (Казталов ауданы, Жалпақтал балалар өнер мектебі) Жетекшісі Баян Қабиева.

ІІІ орын — Талғатқызы Айсәуле (Ақпәтер ЖОББМ) Жетекшісі Бауыржан Қыдырғалиев.

Арнаулы жүлделер:

Баян Қабиева атындағы жүлде — Дагаров Алихан (Орал қаласы, Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі) Жетекшісі Дастан Есентеміров.

Көрермен көзайымы аталымы — Хамзина Айару (Казталов ауданы, Жалпақтал балалар өнер мектебі). Жетекшісі Баян Қабиева.

Қатимолла Бердіғалиев атындағы жүлде — Ермұхан Медеу (Казталов ауданы, Казталов балалар музыка мектебі) Жетекшісі Гүлжанар Айтмагамбетова.

Жақсылық Сәрсенғалиев атындағы жүлде — Сатыбалды Бегінсұлу (Казталов ауданы, Ақпәтер ЖОББМ) Жетекшісі Бауыржан Қыдырғалиев.

Қаламқас Орашева атындағы жүлде — Баян Сұлтана (Орал қаласы, «Қарақат» мектеп студиясы) Жетекшісі Аружан Нетқали.

Қалампыр Рахимова атындағы жүлде — Задыгер Сұлужан (Шыңғырлау ауданы, Балалар музыка мектебі) Жетекшісі Аманғали Сатпанов.

Көшерғали Макаров атындағы жүлде — Мәлік Бексұлтан (Ақжайық ауданы, Балалар музыка мектебі) Жетекшісі Дәурен Ораш.

Сәрсенғали Бисенғалиев атындағы жүлде — Сағидолла Сезім (Казталов ауданы, Ақпәтер ЖОББМ) Жетекшісі Бауыржан Қыдырғалиев.

Серік Абдрахманов атындағы жүлде — Сержанқызы Раяна (Орал қаласы, «Қарақат» мектеп студиясы) Жетекшісі Аружан Нетқали.

Сәуле Таудаева атындағы жүлде — Жұмакелдиева Мәншүк (Ақжайық ауданы, Балалар музыка мектебі) Жетекшісі Дәурен Ораш.

Сағадат Рахметжанов атындағы жүлде — Таңатжан Гүлжаухар (Тасқала ауданы, Балалар музыка мектебі) Жетекшісі Сұңғат Жанаев.

Қайрат Кәкімов атындағы жүлде — Бисекенова Ару (Шыңғырлау ауданы, Балалар музыка мектебі) Жетекшісі Аманғали Сатпанов.

Жібек Бултанова атындағы жүлде — Силыбай Айша (Орал қаласы, Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі), Жетекшісі Назгүл Қабиева.

Армат Исламғалиев атындағы жүлде — Серік Ару (Казталов ауданы, Ақпәтер ЖОББМ), Жетекшісі Бауыржан Қыдырғалиев.

Ернар Өмірәлі атындағы жүлде — Серік Аянат (Казталов ауданы, Жалпақтал балалар өнер мектебі). Жетекшісі Асылхан Бултанов.

Дариға Мұштанова атындағы жүлде — Тұрарбек Сәнім (Казталов ауданы, Жалпақтал балалар өнер мектебі) Жетекшісі Асылхан Бултанов.

Зияш Аманғалиева атындағы жүлде – Оңғарбекова Жанерке (Сырым ауданы, Амангелді Гұбайдуллин атындағы музыка мектебі), Жетекшісі Дархан Қажығалиев.

Ынталандыру сыйлығы:

Сатыбалды Айнамкөз (Казталов ауданы, Ақпәтер ЖОББМ), Жетекшісі Бауыржан Қыдырғалиев.

Хасан Гүлбаһар (Казталов ауданы, Ақпәтер ЖОББМ), Жетекшісі Бауыржан Қыдырғалиев.

Шамғонова Жанель (Орал қаласы, Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі), Жетекшісі Назгүл Қабиева.

Облыстық байқау қорытындысымен өнерлі оқушылардың барлық жетекшілері арнайы алғысхатпен марапатталды.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале