13.05.2024, 11:00
Оқылды: 73

Елімізде 300-ден астам адам жетім балаларға тәлімгер болды

Бүгінде елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеке қолдау мен көмек көрсететін тәлімгерлік институтын енгізу жөніндегі жоба табысты іске асырылуда. Еліміздің 17 қаласында 300-ден астам адам тәлімгер атанды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

 

 istockphoto-1283216888-2048x2048

Фото: istockphoto.com

Тәлімгерлік жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды құралы. Ол баланы қоғамға бейімдеуге және өз бетінше ересек өмір сүруге дайындауға бағытталған.

Тәлімгерлікке кандидаттарды іріктеу процесін қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады. Әрбір кандидат әңгімелесу арқылы өтеді, сондай-ақ тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары да ескеріледі. Іріктеудің барлық кезеңдерінен өтіп, тиісті қорытынды алғаннан кейін ғана кандидат тәлімгер бола алады.

Кандидаттарға қойылатын талаптар ҚР азаматтығын, кәмелетке толуын, соттылығының жоқтығын, әрекетке қабілеттілігін, тұрғылықты жерінің болуын және т.б. қамтиды. Тәлімгердің балаға қосымша білім беру мен медициналық қызметтерді қоса алғанда, түрлі салаларда қолдау көрсетуге құқығы бар.

Айта кету керек, биыл «Бала құқықтары туралы» заңға жетім балаларға тәлімгерлік жасау институтын енгізуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Бұл қадам ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың болашағына оң ықпал етіп қана қоймай, әлеуметтік салада ілгерілеудің жарқын мысалы бола алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале