9-10 мамыр күндері Батыс Қазақстан облысына қарасты Бөрлі ауданынын да, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруы мен «Ақсай» спорт кешенінде жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер арасында гір көтеру спортынан ашық чемпионат өткізілді.
Аталмыш бұл жарысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің қызметкері Какимов Рахым да қатысқан болатын. 73 келі дәрежесінде бақ сынасқан ұландық қарсыластарына дес берместен ақтық сынның жеңімпазы атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегер мен жеңімпаз атанған спортшыларға арнайы грамоталар мен медальдар табысталды.
ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ
баспасөз қызметі