14.05.2024, 15:45
Оқылды: 79

Белгілі ақын Бауыржан Халиолланың халықпен жүздесу кеші өтеді

«Атамекен» өнер ордасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын Бауыржан Халиолланың «Жүрегімдегі жазулар» атты халықпен жүздесу кеші өтеді.

0d5ecaa9-31fd-4e7e-9b6e-c40863e97fa8

Аталмыш мәдени-рухани шарада Бауыржан Халиолланың «Жүрегімдегі жазулар» атты жыр жинағының тұсауы кесіледі. Сондай-ақ кітаптар автордың арнайы қолтаңбасымен сатылымға шығарылады.

Кеш иесі сыршыл өлеңдерін оқып, оқырман көкейінде жүрген сұрақтарға жауап береді. Ақынның сөзіне жазылған әуезді әндерді Жайық өңірінің жарық жұлдыздары жанды дауыста шырқайды.

Кешке Қазақстанға танымал тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

Халықпен жүздесу кеші 27 мамыр, сағат 19:00-де «Атамекен» өнер ордасында өтеді. Кіру тегін.

Алтынбек Ермекқалиев,

«Атамекен» ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале