14.05.2024, 17:45
Оқылды: 60

Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындары қосдипломды білім беру туралы Меморандумға қол қойды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қосдипломды білім берудің бірлескен бағдарламасы туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі жазды.

a7cbea50248c764885546bda33152cc1_1280x720

Фото: gov.kz

Осылайша бір саладағы мамандықтар бойынша оқитын қазақстандық ЖОО студенттері көрші мемлекеттің оқу орнының дипломын ала алады.

«2023 жылы оқуды бастаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері ЖОО-ны бітіргеннен кейін бірден екі диплом алады. Бүгінгі таңда министрлік жанынан кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі салалық кеңес құрылды, ол саладағы қажеттіліктерді негізге ала отырып, қолданыстағы білім беру стандарттарын өзектендіреді және әзірлейді»,– деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале