16.05.2024, 16:30
Оқылды: 62

Аудан орталығында «Табын» дүкені есігін ашты

Ақжайық ауданы Чапаев ауылында «Табын» дүкені ашылды. Арзандатылған бағамен сатылатын азық-түлік дүкенінің бір ерекшелігі – ауылдың шетінде соңғы бір-екі жылда бой көтерген шағын ауданның ортасында орналасқан. Жалпы аумағы 300 шаршы метр болатын сауда орнының иесі Арман Қоңыратбаев осыдан үш жыл бұрын ғимараттың қазығын қағыпты.

табын

– Бүгінгі ашылып отырған азық-түлік дүкені елге қызмет ете берсін, табысты болуын тілеймін, – деді ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бейімбет Ғизатов. Ол Арманның әкесі Мақсат Қоңыратбаевпен бірге су жаңа дүкеннің лентасын қиды.

А.Қоңыратбаевтың кәсіпкерлікті қолға алғанынан біраз жылдың жүзі болыпты. Ол осыған дейін көлік жөндеуімен айналысты. Жаңа ашылған сауда орнында бес адам жұмысқа кірісті.

Әсет Орынғали,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале