Тасқала ауданының Ақтау ауылдық округінде Тасқала ауданы бойынша 1985 жылы туған азаматтардың ұйымдастыруымен шағын футболдан оқушылар арасында Тасқала ауданының біріншілігі өтті.
Жарысқа «Сәулет» мектеп-лицейі, Қ. Сәтбаев атындағы мектеп гимназиясы, Атамекен, Амангелді, Оян, Мереке, Мерей, Шежін, Ақтау және Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептерден барлығы 10 команда қатысып, бақ сынады.
Нәтижесінде жүлделі 1-орынға Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының командасы ие болса, 2-орын Мерей орта мектебінің командасына бұйырды. 3-орынды «Сәулет» мектеп лицейінің футболшылары қанағат тұтты. "Үздік қорғаушы" аталымы ақтаулық Санжар Асановқа бұйырса, "Үздік шабуылшы" аталымын да ақтаулық Абзал Бахчанов жеңіп алды. "Үздік ойыншы" аталымын Ояннан келген Асылжан Әжіғалиев еншілесе, "Үздік қақпашы" аталымы тағы бір ояндық Бекжан Талғаттың еншісіне бұйырды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы,
zhaikpress.kz