18.05.2024, 12:00
Оқылды: 105

Қаратөбеде Шолпан Қыдырниязованың 75 жасқа толу мерейтойына орай әдеби кеш өтті

Кеше аудандық М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Құрмет» орденінің иегері, қаратөбелік белгілі айтыскер ақын, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, қоғам қайраткері, қарымды қаламгер Шолпан Қыдырниязованың 75 жасқа толу мерейтойына арналған «Айтыстың Шолпан жұлдызы» атты әдеби кеш өтті.

Шолпан Қыдырниязова кеш (5)

Қаратөбе топырағы ұлағатты ұлдар мен бар өмірін еңбекке арнаған жандардан да кенде емес. Әр елдің, әр өлкенің өзіндік ерекешеленетін тарихы мен өскелең ұрпаққа үлгі ететін тұлғалары бар. Солардың бірі де бірегейі, бүгінде еңбегін елге сіңірген Шолпан Батырқызы.

Әдеби кеш барысында мәдениет саласының ардагері Бейбіт Сағынғалиев сөз сөйлеп Шолпан Батырқызының ақындығы, іскерлігі, адамгершілік қасиеттері турасында шараға қатысушыларға айтып беріп, қызметтес болған кездегі естеліктерімен бөлісті.

Одан соң жас оқырмандар Шолпан Қыдырниязованың шығармашылығынан өлеңдер оқып, ақынның сөзіне жазылған «Қоскөл кеші» әнін сазды шараға қатысушылар барлығы бірге шырқады.

Шолпан Қыдырниязова кеш (4)

Сазды кеш соңында М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Жұлдыз Маширова Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, қоғам қайраткері, қарымды қаламгер Шолпан Қыдырниязованың қызмет бабында тұтынған заттары, ақынның кітаптары, ол туралы мерзімді баспасөз беттерінде жазылған мақалалар мен естелік фото суреттері қойылған көрмемен кеш меймандарын таныстырды.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале