Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Батыс Қазақстан облысындағы филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
3 маусымнан бастап кезекшілік кестесіне сәйкес Орал қаласындағы Исатай - Махамбет көшесі, 84 мекенжайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, кезекші ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ Жамбыл көшесі, 81/2 мекенжайындағы ХҚКО 3 маусымнан бастап әдеттегі кестеге көшеді.
ХҚКО азаматтарды дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз қабылдайды.
zhaikpress.kz