Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлерінің бірі - сүт безі қатерлі ісігі. Онколог-маммолог Рано Азимова "Womanhit"-ке аурудың дамуын тудыратын факторлар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әрбір 10-шы әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады
Маманның айтуынша, сүт безі қатерлі ісігі - әлемдегі ең көп таралған ауру, оған әрбір 10-шы әйел шалдығады.
"Сүт безі қатерлі ісігінің дамуының көпшілік себебі белгісіз, бірақ ауру жақсы зерттелген және оның дамуының алғашқы кезеңдерінде тиімді емді қолдануға болады", - деді маммолог.
Кең тараған қауіп факторлары
Онколог сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін арттыратын кең тараған факторларды атады.
Оларға мыналар жатады:
Аурудың дамуына жол бермеу үшін қандай ережелерді сақтау керек?
Рано Азимова 30 жасқа дейінгі әйелдерге жылына кем дегенде бір рет сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуін жасауды ұсынды.
35 жастан кейін ультрадыбыстық зерттеуге маммограмманы (кеудеге рентгендік тексеру) қосу керек. Омыраудың барлық тексерісіне етеккір циклінің 5-тен 12-ші күніне дейін барған дұрыс. Бұл кезде бездер қатты тығыз болмайды және маман оны зерттеуде қиындықтарға тап болмайды.
Сондай-ақ, сарапшы арасында кеудені өз бетінше қолмен басып қарауды ұсынды. Егер қандай да бір өзгеріс байқасаңыз, маманға қаралыңыз.