4.06.2024, 17:45
Оқылды: 132

Бәйтеректе баспанасы суға кеткен тұрғынға жаңа үй берілді

Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында біраз үй суға кетті. Арнайы комиссия су басқан екі үйді тұруға жарамсыз деп таныған. 

32DC9BDD-66C2-4B61-965B-8AB4ABD3D0A1

Наурыздың 31-і күні көтерілген ауыл іргесіндегі Шаған өзені суы Ақмарал Сламғалиқызының баспанасына кіріп, үйді жарамсыз етті.

Ауылдасы ауыр жағдайға тап болғанда округ әкімі Әбубәкір Төлеуов Ақмарал апайдың отбасына уақытша тұратын үй тауып берді.

– Топан су үш бөлмелі үйімді жарамсыз етті. Су 13 күн бой баспанамда қылқып тұрды. Уақытша тұруға үйін берген ауылдасым біраз уақыт пәтерақы алмады, - дейді Ақмарал Сламғалиқызы.

CFD4455F-A025-4C0C-846E-8335527E9B65

Бүгін Ақмарал апамыз жаңа үйге қоныстанды. Үкімет тарапынан берілген барлық өтемақыны алған.

Тасқын кезінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен округ әкімдігі және жергілікті тұрғындар бірігіп, тасқынның күш алуына жол бермеген. Десе де тасқын 20 шақты үйге кіріп үлгерді. Достық ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Зәуре Бәйкенованың айтуынша, суға кеткен барлық тұрғынға өтемақы төленген.

– Су қатты басқан екі үйдің біріне күрделі жөндеу жасалады. Ол отбасыға қажетті қаражат берілді. Одан бөлек біраз тұрғын бір реттік жәрдемақы алды, - дейді Зәуре Байкенова.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале