6.06.2024, 16:30
Оқылды: 47

Қазақстанда фейкпен күресетін арнайы жүйе құру ұсынылды

Еліміздегі бірде бір БАҚ-та редакция стандарты жоқ. Мемлекеттік органдардан ақпарат алу уақытын әлі де қысқарту керек. Астанада өткен «Журналистік этика. Фактчекинг пен манипуляциялар» атты жиында осылай айтылды. Жиналғандар өңірлердегі БАҚ-тың жағдайына шолу жасады. Бұл жөнінде Ұлттық арна жазды.

8F11E691-B85B-4DA2-BE80-B7E2CA869FF9

Сурет: pixabay.com

Сарапшыларды аудандардағы басылымдардың мүшкіл жағдайы алаңдатып отыр. Медиа өкілдерінің біліктілігін арттыру, жасанды интелект мүмкіндіктері, оқыту тренингтерін ұйымдастыру тетіктері де талқыланады. Фейкпен күресетін арнайы жүйе құру ұсынылды.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

«Масс-медиа туралы» заңның өзіне ертең қабылданғаннан, мақұлданғаннан кейін оның қай нормалары жұмыс істейді, қайсысы жетілдіруді қажет етеді, соны толықтыру керек деген мәселе ол алдағы уақыттың еншісінде деп ойламын. Бірақ журналистік қызмет ол тек ақпарат беруші ғана емес, бұл әдеп пен мәдениеттің қазақ халқының өкілі ретінде де өзін ұстауына байланысты, тікелей қатысы бар. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале